Талдау және мониторинг PDF Печать E-mail

Сіз сыртқыэкономикалық қызметпен айналысасыз ба? Экспорт бағытын кеңейтіп, бәсекелестердің жұмысын талдағыңыз келсе немесе нарық жағдайын білгіңіз келсе?

Қазіргі жағдайда, тауарлар мен қызмет көрсетулер, адамдар мен капитал елдер арасында еркін алмасып отырған кезде, өндірілетін және экспортталатын өнім туралы дер кезінде және нақты ақпарат берудің қажеттігі туындайды, яғни ол коммерциялық шарттар қорытындысының шыққан жері болады. Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың жарты ғасырлық тәжірибесі бар, басқа мемлекеттердің сауда-өнеркәсіп палаталарымен 70-тен аса келісімдерге отырған, ҚР аумағы мен шетелде 1 500-ден аса серіктестері бар, Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы қазақстандық және шетелдік компанияларға Қазақстанның экспортты әлеуеті туралы ақпарат алуға, сондай-ақ нақты экспортқа шығарылатын өнім жөнінде толық ақпарат беруге мүмкіндік береді. Егер Сіз өз компанияңыздың қызмет аясын кеңейткіңіз келсе, бәсекелестік басымдықты анықтап, ерекшелігін танып немесе Қазақстанның экспортқа шығару мүмкіндігін білгіңіз келсе, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының қызметкерлері жеке ақпараттық ресурстар базасында Сіздің компанияңызға қажетті ақпараттар ұсынып, жәрдемдесе алады. Бұдан басқа, кәсіпкерлікті жүргізу, нарықты саралау, сондай-ақ Сіздің компанияңыздың өсуіне қажетті бірқатар қосымша қызметтер көрсете алады.

 

 
facebook vkontakte twitter

ҮИИД БАҒДАРЛАМАСЫ

ПРОЕКТ ПО ЭКОТУРИЗМУ- STRE TO