Жаңалықтарға жазылу

Тауардың шығу тегі сертификаты PDF Печать E-mail
  1. Тауардың шығу тегі сертификатының негізгі түрлері
  2. Тауардың шығу тегі сертификатын беру
  3. Нормативтік-құқықтық база

Тауардың шығу тегіне сертификат – тауардың шығу елін куәландыратын және ұлттық заңнамаларға сәйкес уәкілетті экспорттаушы - мемлекеттік орган беретін құжат. Әдетте, ол әкелінетін тауарды көрсеткішті реттеу, жеңілдетілген көрсеткіш алу, бажсыз тасымалдау, қосымша салық салудан босату үшін импорттайтын елдің кедендік органына қажет.

2009 жылы шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының «Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аймақтық сауда-өнеркәсіп палаталары 2009 жылғы 23 қазаннан тауардың шығу тегіне сертификатты ресімдеуге, куәландыруға және беруге уәкілетті.

Тауардың шығу тегіне сертификат беру жеңілдетілген кедендік баж салығын пайдалануға немесе мүлдем төлемеуге мүмкіндік береді. Мұндай преференциялар экспортталатын тауардың бағасына, артынша оның басекелесуге қабілеттілігіне әсер етеді. Бұдан басқа, сатып алушы елде тауарды сату үшін банкте аккредитив ашқан кезде тауардың шығу тегіне сертификат сұрауы мүмкін.

 
facebook vkontakte twitter

ҮИИД БАҒДАРЛАМАСЫ

ПРОЕКТ ПО ЭКОТУРИЗМУ- STRE TO