Жаңалықтарға жазылу

JA slide show
Сыртқыэкономикалық байланыстар PDF Печать E-mail

Халықаралық қызмет – Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасын басқа да қазақстандық қауымдастықтардан ажырату үшін басым бағыттардың бірі. Соңғы жылдары халықаралық аренада ҚР СӨП беделі мен мәртебесі артты және дамыды. Палатаның жүргізген халықаралық қызметі қазақстан бизнесіне қажет. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін біздің еліміз туралы ешкім білмеді, және керісінше, қазақстанның бизнесі де басқа мемлекеттермен, олардың заңдарымен таныс емес еді. Сауда-өнеркәсіп палатасы арқылы оның серіктестік қарым-қатынастарына алғыс айта отырып, 70-н аса мемлекеттер палаталарынан шетел нарығы, әлеуетті серіктестер, осы мемлекеттердегі бизнестің жүргізілуі мен инвестициялық заңдары туралы ақпараттар алуға болады.

Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы халықаралық палата ұйымдарының мүшесі ретінде осы ұйымның шеңберінде белсенді қызмет атқарады. Бұл Халықаралық сауда палатасы, ТМД елдері сауда-өнеркәсіп палатасы, Ислам сауда-өнеркәсіп палатасы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы мүше – елдер Сауда-неркәсіп палатасы. Бұл ұйымдар түрлі елдердің іскер топтары арасында серіктестік қатынастарды дамытуға, сауда және инвесттициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, нақты консалтингтік қызметтер көрсетуге, кәсіпкерлер үшін оқыту бағдарламаларын ұсынуға жәрдемдесетін және басқа да көптеген іс-шаралар өткізеді. ҚР СӨП-ң халықаралық қызметін жетілдіруде аса мән берілетін әртүрлі мемлекеттік органдармен және бәрінен бұрын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Индустрия және сауда министрліктерімен және басқа да министрліктермен байланыс орнату. Палата өкілдері сауда және іскерлік байланыстарды күшейтудің әртүрлі тапсырмаларын орындау қорытындысы бойынша үкіметаралық комиссия мәжілісіне белсенді қатысады. Жеке алғанда, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, шет мемлекеттермен Қазақстанға қатысты күрделі мәселелерді шешу мақсатында іскерлік кеңестер құрылды.

ҚР СӨП-і 18 іскерлік кеңесті үйлестіреді. Қазақстанның стратегиялық серіктес – елдерінде Палата өзінің өкілдіктерін ашты. Мемлекетті, оның заңдарын жақсы білетін, тәжірибелі мамандар қазақстандық кәсіпкерлерге сенімді серіктестер, байыпты инвестор, сапалы өнімнің, жаңа технологиялардың жеткізушілерін іздеуде іс-тәжірибелік көмектер көрсетеді. Сонымен қатар олар шетелдік кәсіпкерлерге қазақстандық серіктес іздеуде жәрдемдеседі, оларды Қазақстанның инвестициялық жағдайымен және бизнестің жүргізілуімен таныстырады.

 
facebook vkontakte twitter

ҮИИД БАҒДАРЛАМАСЫ

ПРОЕКТ ПО ЭКОТУРИЗМУ- STRE TO