|
Жоба аясындағы қызмет түрлері:
- оның барлық сатысында жоба сапасын қамтамасыз ету үшін басқару және үйлестіру; тәуекелге бағалау жүргізу, әкімшілік және ұйымдастыру іс-шараларын анықтау, серіктестер арасында жауапкершілікті бөлу мен оларды жобаны іске асыруға тарту
Жобаны іске асырудың қорытындысы:
- мәрелік кеңес
- ұйымдастыру комитеттерінің кеңесі
- қаржылық және аудиторлық есеп
- мониторинг және бағалау есебі (біреу)
- Тәжірибе алмасу мен озық тәжірибе қорытындысында ОА сауда палаталары білікті және экологиялық ынтымақтас туристік ШОК-ң аймақтық жүйесін құру үшін, әйелдер кәсіпкерлігіне басыңқылық көрсете отырып, тұрақты қолдау мен нормативтік база жүйесі анықталды. Серіктестер, туризм жөніндегі сарапшылар,шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің өкілдері мен басқа да мүдделі тараптар қатысушылар болып табылады. Соңғы алушылар – ОА серіктестері, жергілікті туристік ШОК-ң басты серіктестері, жергілікті билік.
Жобаны іске асырудың қорытындысы:
- Екі күндік іс-тәжірибелік семинарлар (Алматыда (Қазақстан) және Нүкістен (Қарақалпақстан) бір-бірден)) және әрбір елдегі бірлескен екі күндік жұмыс;
- Жүйені ұйымдастыру мен нормативтік база
- Тұрақты көмекті ұйымдастыру мен оны ұстау бойынша анықтамалық құрал
- озық тәжірибені тарату, жаңаша дүниені тану, сондай-ақ кәсіпкер-әйелдерді қатыстыра отырып, туристік ШОК-ты қолдауда ОА Сауда палаталарының саясатын жүргізу мен іс-тәжірибесін пайдалану, білім мен тәжірибені жинақтау үшін Жоба бойынша серіктес болып табылатын, ЕО елдеріне оқу сапарлары бекітілді. Бұл сапарларды ОА сауда палаталарынан серіктестер жасайды. Әрбір Еуропалық сауда палаталары Орталық Азия серіктестеріне өздерінің озық тәжірибелерін ұсынады: Retecamere дизайн жасау және туристік фирмалар мен ШОК Web-порталдарын басқаруды, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың қолданыстағы жобаларын ұсынады; Валенсияның Сауда палатасы ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру, басқару, қолдау мен маркетинг міндеттері болып табылатын қызметі мен мекемесін ұсынады; осындай үш мекеменің бірі - Turismo Valencia, Валенсия қаласын көпшілікке таратуға жауап береді, тағы бір мысал Туризм жөніндегі өңірлік агенттік болып табылады. Словенияның Сауда палатасы әйелдер кәсіпкерлігі мен туристік ШОК-ті дамытуды қолдау тәжірибесін ұсынады.
Жобаны іске асырудың қорытындысы:
- Оқу сапарлары (екі күннен 3 сапар: Римде, Валения мен Любляняда);
- Оқу сапарлары мен тәжірибе алмасу бойынша маңызды жақтары туралы есеп
- Білікті туристік ШОК-қа, әйелдер кәсіпкерлігіне ерекше көңіл аудара отырып, әдістемелік көмек көрсетуде ОА сауда-өнеркәсіп палаталарының мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында БПО қызметкерлерін оқыту. Оқыту ОА сауда-өнеркәсіп палаталары үшін жүргізіледі. Қатысушылар туристік компаниялар жүйесіне кіретін ОА-ғы серіктестер мен туристік ШОК болады. Оқыту бірінші кезекте туристік бизнесте өзінің ісін ашып жатқан, сондай-ақ жұмыс істеп жатқан бизнесте нарықтық ұстанымын күшейтуге көмектесуде ОА қызметкерлерінің мүмкіндіктерін көтеру үшін бағытталатын болады. Сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметкерлері туристік саладағы бизнесті дамытудың басты бағыттары, сондай-ақ экологиялық жақтарын ескеріп қызмет көрсетуді қамтамасыз ету қосылған, арнайы бағдарлама бойынша оқытылады. Бұл бизнес-жоспардың орындалу мәселелері, электронды маркетинг, қоршаған орта сапасы мен жағдайын басқару, таңбалау, адамзат қорларын басқару, жүйе жұмысының жалпы ережелері мен бағалау белгілері сияқты тақырыптарды қараумен бірге туризм нарығы.
Жобаны іске асырудың қорытындылары:
- Оқу курстары (Қазақстанда 10 адамға және Қарақалпақстанда 3-5 адамға арналған 2 бескүндік курс);
- Оқу материалдары;
- Оқыту туралы есеп.
Жобаның мақсаты мен жетістіктерін әйгілеу мен тарату мақсатында ақпараттық өзара әрекеттесу
Жобаны іске асырудың қорытындылары:
- Жоба бойынша Web-портал: www.stretoproject.com ;
- Жоба бойынша кітапша;
- Ақпарат тарату бойынша іс-шаралар;
- Қорытынды конференция.
Байланыстар
Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы Жоба басшысы: Татьяна Жданова Эл.почта:
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Тел: + 7 (727) 398 93 38
Факс: +7 (727) 398 94 02 Web-сайт: www.cci.kz |