|
Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы – Халықаралық сауда палатасының мүшесі.
Сауда-өнеркәсіп палатасы - саудамен, өндіріспен және қызметтермен айналысатын өнеркәсіптер мен ассоциациялардың бірлескен қоғамдастығы болып табылады. Палатаның негізін қалаушылар орта ғасырлық көпестер мен шеберлер болған. Әлемдегі барлық палаталардың жалпы мақсаты - бизнес мүдделерін қорғау және оның дамуына көмектесу.
Қазақстанның СӨП-і 1959 жылы Қазақ КРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен құрылды.
ҚР СӨП әлемнің барлық сауда-өнеркәсіп палаталарының негізгі қағидалары – өз шығынын өзі өтеуді және өзін-өзі қаржыландыруды қадағалайды.
2005 жылғы 3 мамырда ҚР «Сауда-өнеркәсіптік палаталар туралы» Заңын қабылдаумен, СӨП коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйымның ұйымдастыру-құқықтық формасын алды. Мұндай мәртебе СӨП іскери қоғамдастық қызығушылығын ұсынуға және бизнес үшін қажетті сервистік қызметтер кешенін көрсетуге мүмкіндік береді. Палата шағын және орта бизнестің әлеуметтік және экономикалық серіктестігінің ролін мемлекеттік органдармен, ірі бизнеспен, сонымен қатар сыртқы экономикалық қызмет бойынша серіктестермен қатынасу арқылы жүргізеді. Палата шетелдермен ынтымақтастық туралы 70-тен аса келісімдерге қол қойды. Іскери Кеңестер құрылды және белсенді түрде Италиямен, БАӘ, Ресеймен, Түркиямен, Иорданиямен, Сириямен, ОАР, Египетпен жұмыс істейді. Қытайда ашылған ҚР СӨП өкілдігі қазақстандық бизнесмендерге серіктес таңдаудан бастап – Қазақстанға техника мен жабдықтарды, міндетті түрде кепілдігімен және сервистік қызмет көрсетуімен, жеткізуге дейін шынайы көмектер көрсетеді.
Жыл сайын 16 аймақтық палатасы бар, онда 450-ден астам адам жұмыс істейді, Қазақстан Палатасы 70 мыңға дейін қызмет түрлерін көрсетеді. Олардың ішіне сыртқы экономикалық қызмет бойынша сараптамалық және инспекциялық қызметтер, кеңес берулер, тауардың кедендік құнын бағалау бойынша қызметтер, сыртқы саудалық операциялар бойынша құжаттарды бекіту, серіктестер арасында туындайтын дауларды қарастыру жатады. Шын мәнісінде бизнесті жүргізу – ол сервистік қызметтердің толық спектрі.
Қазақстанда және шетелде бизнес-форумдарды жүргізу, сауда миссиясының құрамында шетел нарығына қатысу – бизнес дамуындағы сыналған және экономикалық тиімді әдіс болып табылады. ҚР СӨП тәжірибелі мамандарымен ұйымдастырылған, кәсіби жоспарланған және басқарылатын іскери сапар, өздігінен ұйымдастырылған бірнеше сапарларға қарағанда, бір жол жүргеннен-ақ нәтижелі қорытындыға ие бола алады. Тәжірибе көрсеткендей, ҚР Палатасымен дайындалған және жүзеге асырылған іскери байланыстар нәтижелі қорытынды берді.
Сауда-өнеркәсіп палатасына мүше болу – өз еркімен жүргізіледі. Жылдар бойы істелген еңбектің арқасында Палата мол тәжірибе жинады. 2009 жылы Қазақстанның сауда-өнеркәсіп палатасына 50 жыл толды.
|