Жоба Stre To
logoproject

«Делдалдық ұйымдар мүмкіндіктерін кеңейте отырып олардың туризмге жәрдемдесуі жолымен туристік саланы нығайту – Укр. ту» жобасын қаржыландыруда жеке саланы, атап айтқанда, Орталық Азиядағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарын (ШОК) дамытуды қолдайтын, “Central Asia Invest" инвестициялық бағдарламасы шеңберінде ЕО (85%) қатысады. Жоба 2012 жылға дейін жалғасады және Қазақстанда (Алматы), Қарақалпақстан Республикасында (Нүкіс), Словенияда (Любляна), Италияда (Рим) және Испанияда (Валенсия) жүзеге асырылатын болады.    

Жобаның мақсаты – Орталық Азия аймақтарында кәсіпкер-әйелдердің қатысуымен экологиялық қолайлы туризм салаларында білікті ШОК жүйесін жетілдіру мүмкіндігін ұсыну. Қызметтің бағыты жоба шеңберінде түпкілікті анықталды, білікті, экологиялық  жақын туристік ШОК жүйесін құруды бастау үшін, олардың жұмысын Орталық Азияның бизнес-делдалдық ұйымдары (ОА БДҰ) қолдайды, бақылайды және бағалайды. Бұл жүйе әйелдер кәсіпкерлігі басымдылығымен туризм саласындағы жаңа және жұмыс істейтін ШОК үшін ашық, телімгерлікті қоса, ОА Сауда палаталарының машықталған қызметкерлерін тұрақты қолдайды. Осы үдеріске Жоба серіктестері болып табылатын ЕО сауда палаталары білім, технология және әдістер тәсілдерінде тексерілген түрде енгізеді.

Бағдарламаның жалпы мақсатына қол жеткізуге жәрдемдесу – жеке саланы алға жылжыту үшін – жоба стратегиясында келесі болашағы зор бағыттарға басты назар аударылатын болады:

  • Табыс алу және жұмыс орнын құру бағытында жоғары әлеуеті ескерілген туризм;
  • Динамизмнің, жаңартпа мен икемділіктің негізгі көздері ретіндегі әйелдердің туристік ШОК-і;
  • Жеке кәсіпкерлік пен бәсекеге қабілеттілікте өзекті мәселелерді шешудің стретегиялық жолдары ретінде ШОК жүйесін дамыту.


Жоба, жеке алғанда, төмендегі нақты мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:

  • Серіктестер арасында әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарды күшейту;
  • Туризм саласында әйелдердің кәсіпкерлігін қолдауда ОА сауда палаталарының мүмкіндіктерін кеңейту;
  • Бәсекелесуге қабілетті туристік салаларды қолдау;
  • Әйелдер кәсіпкерлігін марапаттау;
  • Туризм саласында ШОК жұмыспен қамтылуын және табыс деңгейін көтеру;
  • Туристер тасқынын көбейту.



 

Бұл жобадан кім ұтады:

  • Серіктестер - ОА Сауда палаталары: ШОК-ты дамыту мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды тиімді қолдауда өз мүмкіндіктері ерекше кеңейген және кұзіреттілігі артқан.
  • Туризм саласындағы ШОК (жеке алғанда, кәсіпкер-әйелдер), сауда палаталары тарапынан өте тиімді пайда алған;
  • Мемлекеттік мекемелер, үкіметтік органдар, туристік ұйымдар мен жоба шеңберінде қызметтің барлық түрлеріне белсенді қатысатын және көрсетілетін қызмет сапасының стандартын жетілдіруден пайда көретін, осы арқылы әлемдік нарықта аймақтық туризмнің бәсекеге қабілеттілігін көтеретін, аталған саланың барлық басты серіктестері
  • туристер ұсынылған қызметтердің сапасын жақсартудан және олардың талаптарын орындаудан пайда көретіндер.
 
facebook vkontakte twitter

ҮИИД БАҒДАРЛАМАСЫ

ПРОЕКТ ПО ЭКОТУРИЗМУ- STRE TO