|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы жанындағы Халықаралық төрелік және Аралық соттар 1993 жылы 5 қазанда құрылған Төрелік комиссияның құқықтық мұрагері болып табылады. ҚР СӨП жанындағы Халықаралық төрелік және Аралық соттар – сыртқы сауда және халықаралық экономикалық байланыстардың басқа түрлерінен орындау кезінде пайда болған, даулар мен келіспеушілікті қарастыруға негізделген, Қазақстанда бірден бір жетекші, тұрақты әрекет жасаушы төрелік (аралық) соттар. Халықаралық төрелік және Аралық соттардың қызметін ұйымдастыру олардың Регламентімен, Төрелік өндірісінің шығындары туралы ережемен және басқа да ұлттық заң нормаларына толығымен сәйкес басқа да соттар құжаттарына сай іске асырылады. Бизнес субъектілерімен және оларды біріктіретін ұйымдармен жасалған, кәсіпкерлер арасындағы дауларды төрелік сотқа (аралық соттарға) беру тәжірибесі кеңінен таралған. Әлемдік іс-тәжірибеде бұл қызметті Сауда-өнеркәсіп палаталарының соттары атқарады, мысалы, Халықаралық сауда палатасы жанындағы Халықаралық төрелік сот, Стокгольм Сауда палатасының Төрелік институты, Ресей Федерациясы Сауда-өнеркәсіп палатасы жанындағы Халықаралық коммерциялық төрелік сот және т.б. ҚР СӨП жанындағы Халықаралық төрелік және Аралық соттардың артықшылығы:
- Дауларды қарау кезіндегі жеңілдетілген тәртіп
- Үдерістің жылдамдығы мен тиімділігі
- Дауларды шешу кезіндегі әділдік және шындық
- Төрелік (аралық) соттардың шешімі кесімді болады
- Төрелік (аралық) алымды төлеудің икемді жүйесі
- Тараптар өз еріктерімен төрешіні (аралық төрешіні) таңдайды
- Төрелік (аралық) қараудың құпиялылығы
- Тараптардың дауларды қараудың қолайлы орны мен уақытын таңдау мүмкіндігі
|
|
|
|
|
|
КЕДЕНДІК ОДАҚ
ҮИИД БАҒДАРЛАМАСЫ
ПРОЕКТ ПО ЭКОТУРИЗМУ- STRE TO
|